Ссылки доступа

Сох ісі: Жәбірленушілер мен куәгерлер сотталушыларды көрмегенін айтты


Ситуация на границе узбекского села «Чашма» анклава Сох и кыргызстанского села «Чечме», 31 мая 2020 года.

12 ақпанда Өзбекстанның Ферғана облыстық сотына бес жәбірленуші мен бір куәгер келді. Олардың бәрі сотталушыларды оқиға болған жерде көрмегенін мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

"...Мен ешқайда арызданбадым. Жұмысқа барып, күні бойы сонда болдым. Сол себепті не болғанын білмеймін. Қырғыздар екі үйде өртеді деп естідім. Біздің үкімет оларды жөндеді. Бірақ онда қазір ешкім тұрмайды. Мен сотталушыларды танимын. Олардың көбі менің оқушыларым. Оларды оқиға болған жерде көрмедім. Менің ешқандай арызым, сотталушыларға талабым жоқ", – деді сотта сөйлеген жәбірленушілердің бірі.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Ферғана облыстық сотында Сох эксклавында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот басталды. 22 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қырғызстандағы өзбектің Сох эксклавындағы жанжал 2020 жылғы мамырда болған.

Жергілікті басылымдардың мәліметі бойынша, тоғыз сотталушы қамауда отыр, қалған 13 адам үйқамаққа ауыстырылған. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған екі бозбала бар.

Ресми мәлімет бойынша, өзбек-қырғыз шекарасындағы тәртіпсіздікке мыңнан астам адам қатысқан. Куәгерлер төрт мың адам болғанын айтқан. Жерге таласқан адамдар бір-біріне тас лақтырған, бірнеше үй өртенген, жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG