Ссылки доступа

"Үлкен жетіліктің" онлайн-саммиті COVID-19 вакцинасын бөлу мәселесіне арналады


АҚШ президенті Джо Байден 19 ақпанда мемлекет басшысы қызметіне кіріскендегі алғашқы онлайн кездесуін "Үлкен жетілік" лидерлерімен өткізеді. Онлайн-самитте коронавирус пандемиясы, әлем экономикасын қалпына келтіру мәселелері сөз болады, деп хабарлады Ақ үй.

Байден саммитте COVID-19 вакцинасын өндіру және бөлу мәселесін көтереді, деп мәлімдеді Ақ үй әкімшілігі.

Бұған дейін хабарланғандай, саммитке Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қатысады, вакцинаны әлемде теңдей бөлу мәселесі кездесудің басты тақырыбы болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "me-first" саясаты ("әуелі өзім") вакцинаның дамыған елдерге жетіп, кедей елдерді қиын жағдайға қалдыратынын ескерткен.

Джонсон "Жетілік" елдеріне пандемияның алдын алу жүйесін құруды ұсынады.

"Үлкен жетілікке" АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Ұлыбритания және франция кіреді. Былтыр саммит Құрама Штаттарда өтуі тиіс болған, бірақ пандемияға байланысты өтпей қалған.

XS
SM
MD
LG