Ссылки доступа

Өзбекстанда "жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін" қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды


"Миллий тикланиш" партиясы орталық кеңесінің төрағасы Алишер Кодиров

Өзбекстанда заң шығару палатасының екі фракциясы жаппай тәртіпсіздікке және зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс көтерді.

"Миллий тикланиш" партиясы орталық кеңесінің жетекшісі Алишер Кодиров мұндай ұсынысты өздерімен бірге "Адолат" партиясы енгізгенін айтады.

Заң жобасында Қылмыстық кодекстің 244-бабына (жаппай тәртіпсіздік жөнінде) жаппай тәртіпсіздікке және зорлық-зомбылыққа ашық шақырғаны үшін 2 жылға дейін түзеу жұмысына салуды, 3 жылдан 5 жылға дейін бостандығын шектеуді немесе 3 жылдан 6 жылға дейін еркінен айыру жөнінде өзгерістер енгізу ұсынылған.

Бұдан бөлек 201-бапқа (жиналыс, митинг, шеру және демонстрация тәртібін бұзу) БАҚ, әлеуметтік желі арқылы заң талаптарын орындамауға шақырған үндеулер үшін 60-тан 80 базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу жөнінде қосымша бөлім енгізу ұсынылған.

Сонымен бірге "Ақпараттандыру жөніндегі" заңның 12−1 баптарына төмендегідей қосымшалар енгізілу көзделген.

Атап айтқанда веб-сайт иелеріне, оның ішінде блогерлерге

  • жаппай тәртіпсіздікке, азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыруға, белгіленген тәртіптегі жиналысты, митингті, шерулерді және демонстрацияларды бұзуға;
  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жалған ақпарат таратуға;
  • қоғамды, мемлекетті, мемлекеттік рәсімдерді сыйламайтын ақпараттар таратуға (ұлттық және адамзаттық құндылықтарға сәйкес келмейтін). Ресейде осындай заң 2019 жылы қабылданған;
  • порнографияны, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті және суицидке шақыруды насихаттауға;
  • референдум және сайлау заңдарында белгіленген шектеулерді орындамауға;
  • Азаматтардың жеке мәліметін өзінің рұқсатынсыз жариялауға тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG