Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстанда ұсталған азаматтардың құқығын қорғайды


Тәжік-қырғыз шекарасы
Тәжік-қырғыз шекарасы

Тәжікстан сыртқы істер министрі Қырғызстан аймағында ұсталған Хатлон облысы Жайхун ауданының 14 тұрғынының тағдыры оң шешіледі деп үміттенетінін жеткізді.

Тәжікстан азаматтары 11 ақпанда Қара-Көл қаласында ұсталған. Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин олардың мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деп айыпталып жатқанын жеткізді.

"Біз Қырғызстан билігімен тіл табысып келгенбіз және өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Бұл мәселе бақылауда, мәселе оң жағына шешіледі деп үмітенемін", - деді министр.

Қара-Көл қаласының соты 13 ақпанда Жайхун ауданының 14 тұрғынын шекарадан заңсыз өтті деп айыптап, әрбіріне 3 000 доллар айыппұл салған.

Тәжік азаматтары 11 ақпанда Лейлек ауданында ұсталды. Бішкекке автобуспен бара жатқан азаматтарға кірпіш зауытынан жұмыс ұсынылған.

Сот шешім шығарар алдында тәжікстандықтардың белгісіз адамдардан алдағанын, олар пандемияға байланысты Қырғызстан аймағына рұқсатсыз кіруге тыйым салынғанын білмегені айтылды.

2020 жылдың сәуір айынан бері Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы пандемияға байланысты жабылып, бақылау күшейтілген.

XS
SM
MD
LG