Ссылки доступа

Мәскеу мен Вашингтонның тұтқын алмасу мүмкіндігі айтылды


Пол Уилан (сол жақта), Виктор Бут (ортада) және Константин Ярошенко
Пол Уилан (сол жақта), Виктор Бут (ортада) және Константин Ярошенко

АҚШ-тың бұрынғы теңіз әскері Пол Уиланның мәскеулік адвокаты Reuters агенттігіне тұтқындарды алмасу бойынша Ресей мен АҚШ ортасында жүріп жатқан келіссөздер жайында айтты.

Владимир Жеребёнковтың сөзінше, келіссөзді билікке Джо Байден келгеннен кейін Америка тарапы ұсынған.

Британия, Ирландия және Канада азаматы болған бұрынғы теңіз әскері Пол Улиан 2018 жылдың желтоқсан айында ұсталып, кейін 16 жылға қатал режимдегі колонияға кесілген. Оған АҚШ арнайы қызметінің пайдасына тыңшылық етті деген айып тағылған.

Адвокат сөзінше, қазір болып жатқан келіссөздер нәтижесі бойынша екі-үш ай ішінде тұтқындар алмасуы мүмкін. Жеребенков келіссөзде былтыр шілде айында қамалған Тревор Рид ісіне қатысы бар-жоғын білмейді. Ол "полицияға қол салды" деген айыппен тоғыз жылға сотталған.

Вашингтон Рид ісін "абсурд театры" деп атаған.

XS
SM
MD
LG