Ресми хабарлама бойынша, екпені әуелі 65 жастан асқандар, созылмалы ауруға шалдыққандар, сонымен бірге медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдайды.
Азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті түрде ектереді.
Республикада 3 138 егу бөлмесі және 820 жедел бригада құрылды.
Өзбекстан билігі биыл халықтың 20 пайызына вакцина егуді жоспарлап отыр.