Ссылки доступа

Тәжікстанда "Агроинвестбанк" басқарма төрағасының бауыры істі болды


Тәжікстанның қаржы полициясы "Агроинвестбанк" басқарма төрағасы Муродали Алимардоновтың туған бауыры Парда Алимардоновтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауда отыр.

Қаржы полициясының хабарлауынша, Парда Алимардонов"Агроинвестбанктен" 90 млн сомони (шамамен 8 млн доллар) несие алып, оны басқа мақсатқа жаратқан.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкері Фахриддин Акрамзоданың айтуынша, қаражат толық қайтарылып, шығын өтелсе, Парда Алимардановтың үстінен қозғалған іс тоқтатылуы мүмкін.

Күдіктінің туыстарының бұл іске қатысты пікірін білу мүмкін болмады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, былтыр "Агроинвестбанкте" 82 млн сомони жетпейтіні анықталған.

Тәжікстанда банк саласы 2015 жылдан бері дағдарыстан шыға алмай келеді. "Таджпромбанк" пен "Фононбанк" жабылып, "Агроинвестбанк" пен "Точиксодиротбанк" тақырға отыра жаздады. Мыңдаған салымшы ақшасын қайтара алмай жүр.

XS
SM
MD
LG