Ссылки доступа

Бішкек прокуратурасы саябақтарды жөндеуге бөлінген ақшаның қайда кеткенін тексеріп жатыр (видео)


Қырғызстан астанасында екі жыл бұрын саябақтарды жөндеуге бөлінген ақшаның қайда кеткенін тексеріп жатыр. Сол кезде Бішкек әкімшілігі үш саябаққа миллионнан астам доллар бөлген.

Прокуратура Бишкека расследует, куда ушли деньги на реконструкцию парков
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

Бішкекте "Жастар" саябағы екі жыл бұрын жөнделген. 26 мың долларға жартасдром салынған. Тәжірибелі жартас бағындырушы және инструктор Бегулан Каримов оған өрмелемеуге кеңес береді. Бояуы түсіп жатыр, сақтандыруды бекітетін жер жоқ. Оған өрмелеймін деп жарақат алып қалуға болады.

Қала әкімшілігі бұл саябақты жөндеуге 370 мың доллар бөліп, нәтижесін көрсеткен. Екі жылдан соң саябақтың тозығы шыққаны сонша, ақшаның қайда кеткенін көру мүмкін емес.

"Мынау бұрқақ болса, мені Англия патшайымы деп атаңыз. Бұған труба да тартылмаған. Адамдар бұны құрғақ бұрқақ деп атайды", – дейді "Қала саябақтары" кәсіпорынының басшысы Калича Умуралиева.

Екі жылдың ішінде Бішкекте бес басшы ауысты. Қазір саябақты жөндеуге жауапты шенеуніктерді табу оңай емес. Іс қаралып жатқанда саябақтарға күтім жасауға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG