Ссылки доступа

Шетел студенттері Ресейге тек ПТР-тест тапсырып кіре алады (видео)


Роспотребнадзор шетел студенттері Ресейге тек коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырып ғана кіре алады деген қаулы шығарды.

Студенттер екі бірдей тест тапсыруы тиіс. Біріншісін Ресейге барардан үш күн ішінде, екіншісін Ресейге кіргеннен кейін 72 сағат ішінде тапсыруы тиіс.

Қазір пандемияға байланысты Ресей шекарасы жабық болғандықтан, мыңдаған студент оқуын жалғастыру үшін елге кіре алмай жүр. Көптеген оқу орны олардың қашықтан оқуына қарсы болған. Ақылы оқу орнында оқитын студенттердің ақшасы күйіп кетуі мүмкін.

Ресейдің білім және ғылым министрі Валерий Фальков бұл проблема 100 мың студенттің басында тұрғанын мойындады. Олардың дені бұрынғы Совет одағының құрамында болған елдердің азаматтары.

Таджикистанские студенты российских вузов требуют выпустить их из страны на учебу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Соңғы аптада Ресей билігі коронавирус эпидемиясы бәсеңдеп жатқанын айтып, жақын уақытта шекараларды ашуы мүмкіндігін жеткізген.

XS
SM
MD
LG