Ссылки доступа

Тәжікстанда бұрынғы дала командирі абақты қызметкерін ұрған


Худжа Каримов, Тәжікстан халықтың майданы қозғалысының бұрынғы дала командирі. Қамалғаннан кейін (сол жақта) және қамалғанға дейін.
Худжа Каримов, Тәжікстан халықтың майданы қозғалысының бұрынғы дала командирі. Қамалғаннан кейін (сол жақта) және қамалғанға дейін.

"Қожа-командир" деген лақап атпен танымал Халықтық майдан қозғалысының дала командирі болған Худжа Каримов абақтыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылаушысын ұрған. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі хабарлады.

Қазір оған жаңадан қылмыстық іс қозғаған.

Оқиға екі апта бұрын тергеу изоляторында болған. "Абақтыда Қожа-командир мен бірнеше сотталушылар арасында жанжал болған. Оларды ажыратпақ болған түрме қызметкерінің өзін ұрып тастаған", - дейді дереккөз.

Қазір ол жалғыз адамдық камерада отыр.

Әділет министрлігі бұл оқиғаны растамады, теріске де шығармады.

2 ақпанда Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон Худжа Каримовқа қатысты істің сотқа берілгенін мәлімдеген. Ол 20 адамды өлтірді деп айыпталып жатыр.

1992-1997 жылдары Азаматтық соғыс кезінде танымал болған Худжа Каримов 2001 жылы елден кетіп, Малайзияда, Дубайда тұрды. 2008 жылы оған халықаралық іздеу жарияланды.

Ол былтыр ақпан айында ұсталып, Тәжікстанға экстрадицияланған.

Тәжікстан билігі оны Азаматтық соғыс кезінде парламенттің екі депутатын өлтіріп, әйелдер саудасымен айналысты деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG