Ссылки доступа

Түркіменстанда жарыстан қарсыласына жеңіліп беруден бас тартқаны үшін жасөспірім соққыдан қаза тапты 


Түркіменстанда жарыс кезінде ішкі істер министрлігінің (ІІМ) курсантынан жеңіліп беруден бас тартқан 14 жастағы дзюдошы Сүлеймен Тұрсынбаев азаптаудан қайтыс болған. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news сайты хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, жарыста жеңіске жеткеннен кейін Тұрсынбаевты белгісіз адамдар ұрлап, өлімші етіп сабап кеткен.

Марқұмның ата-анасы ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке видео арқылы үндеу жасап, ұлының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.

6 сыныпты аяқтағаннан кейін Олимпиадалық резерв интернатында оқыған Сүлеймен Тұрсынбаев ақпан айының басында Ахал облысындағы жарысқа қатысқан. Финалға шығардың алдында оған қарсыласынан (ІІМ курсанты) жеңілу керектігі айтылған. Бірақ жасөспірім мұны орындаудан бас тартып, қарсыласын жеңіп, өзінің салмақ категориясында чемпион атанған.

Жарыстан кейін бірнеше жігіт оны көлікке салып әкетіп, өлімші етіп сабап, көшеге тастап кеткен. Ол ауруханада бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

turkmen.news сайты дереккөзіне сілтеме жасап, марқұмның қарсыласы президенттің ұлы Сердар Бердымұхамедовтің әйелінің туысқаны болғанын жазған.

"Бұл ақпаратты растай да, терістей де алмаймыз. Бірақ дереккөз бұл істі Сүлейменнің өзі құлап қайтыс болды деп тергеуді прокуратураға тапсырғанын айтты",- дейді басылым журналистері.

19 ақпанда АҚШ-та тұратын түркіменстандықтар 14 жастағы дзюдошының өліміне байланысты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесі алдында пикет өткізуді жоспарлап отыр. Олар кінәлілерді тауып, жазалауды талап етеді.

XS
SM
MD
LG