"Баткен облысында жағдай расында ауыр. Себебі, шекарада тұратындардың әрбірін батыр деп есептеймін. Баткен облысына ерекше мәртебе беру қаралып жатыр. Онда күрделі мәселе өте көп", - деді ол.
Ол Баткендегі мәселелерді шешу үшін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы орынбасары Өмүрбек Суваналиевтің үкіметтің Баткен облысындағы арнайы өкілі болып тағайындалғанын жеткізді.
Баткен облысы көршілес республикалармен шекаралас, Бішкектен ең алыс орналасқан аймақ. Соңғы кездері бұл аймақта жерге таласқан оқиғалар жиілеп кетті.
15-16 ақпанда Үкімет үйінің алдында шекараларды белгілеуді тездетуді талап еткен наразылық акциялары өтті.