Ссылки доступа

Тәжікстанда коррупцияға батқан билік органдарының рейтингісі жарияланды


Агентство по финансовому контролю Таджикистана озвучило рейтинг самых коррумпированных органов власти
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00

Тәжікстанның Қаржылық бақылау және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі елдегі коррупцияға батқан билік органдарының рейтингісін жариялады.

Оған сәйкес, 2020 жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 177, банк жүйесінде 168, білім беру саласында 168, денсаулық сақтауда 104, ауыл шаруашылығында 101, жер басқару комитетінде 99, еңбек және миграция саласында 66 коррупция фактісі тіркелген.

"Коррупция фактілерінің көбі мемлекеттік емес субъектілерге және кәсіпкерлерге тән. Оларға 811-ден астам коррупциялық мінездегі заң бұзу жағдайы болған. Былтыр елге 348,8 миллион сомони (30 миллион доллар) көлемінде зиян келгені анықталды", - деді жемқорлыққа қарсы күрес мекемесінің басшысы Сулаймон Султонзода.

XS
SM
MD
LG