Ссылки доступа

Қырғыз парламенті "Құмтөр" қызметін тексеретін комиссия құрды


Қырғызстанда парламент депутаттары 17 ақпанда Құмтөр алтын кенін өндіруші компания қызметін тексеретін комиссия құрды. Осындай бастаманы "Республика–Ата Жұрт" фракциясы көтерген.

Фракция жетекшісі Жыргалбек Турускуловтың айтуынша, қоғамда Құмтөр кеніне қатысты түсінбеушілік көп болып тұр.

Әуелі алты депутаттан тұратын комиссия құруды ұсынды, одан соң комиссияға 12 депутат кіретін болды.

Дастан Бекешев комиссия құрудағы мақсатты айтуын талап етті. "Комиссияның мақсаты не? Кенде қандай да бір ереже бұзылды ма, әлде әлде комиссияға құру арқылы саудаға салу қажет болды ма? Президент жауапкершілікті мойнына алып, тексерсін. Парламент неге жауап беруі керек? Халық президенттік басқару жүйесін таңдады ғой", - деді депутат.

Мәселе дауысқа салынып, соның нәтижесінде комиссия құрылды. Оған парламенттегі әр фракцияның өкілдері кірді.

2012 жылы "Құмтөр" қызметін тексерген парламенттік комиссияны қазіргі президент Садыр Жапаров басқарған еді.

XS
SM
MD
LG