Ссылки доступа

Өзбекстанда 26 жастағы келіншек консервіленген қызанақтан уланып қайтыс болды


Өзбекстанның Жызақ облысында үш адам үйде дайындалған консервіленген қызанақтан уланды. Олардың бәрі бір үйдің мүшелері. 26 жастағы келіншек қаза болды.

Жергілікті басылымдар жазғандай, келіншекті ауруханаға жеткізгенде, есінен танып, сөйлей алмай қалған. Онымен бірге күйеуі және қайын атасы да ауруханаға жатқызылған.

Марқұм уланғаннан кейін бір жарым тәулік бойы дәрігерге қаралмаған.

Осыған дейін жергілікті БАҚ Самарқанда да консервіленген тамаққа бес адамның уланынғанын, бірінің ауруханада қайтыс болғанын жазған.

XS
SM
MD
LG