Ссылки доступа

Тәжік үкіметі "Барки точик" холдингінің 5 млрд сомони қарызын кешірді


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстан үкіметі былтыр "Барки точик" холдингінің 5 млрд сомони (шамамен $440 млн) қарызын кешірді. Бұл туралы 17 ақпанда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында "Барки точик" компаниясының қаржы бөлімінің басшысы Рустам Маджидзода хабарлады.

Қарыз "Барки точик" жарғылық қорына құрылтайшының үлесі ретінде қосылады. Холдингтің жалғыз құрылтайшысы - Тәжікстан үкіметі.

"Барки точиктің" несие қарызы 2020 жылғы 1 қаңтарда 26 млрд сомони ($2,6 млрд) болған, соның 21 млрд сомониі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға алынған. "Қазір "Барки точиктің" 22 млрд. сомони қарызы бар", деді Маджидзода.

"Барки точик" холдингінің республикада 26 қуат көзі бар. Ол Тәжікстанды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

XS
SM
MD
LG