Ссылки доступа

Президент Мирзияев Наманганға сапарында махаллаларды аралайды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 18 ақпанда таңертең Наманган облысына аттанды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар мақсаты - бұған дейін анықталған міндеттердің орындалуын тексеру, махаллалардағы жағдайды көру, халықтың мәселелерімен танысып, болашаққа жоспар дайындау.

Мемлекет басшысы аймақтағы өндіріс орындарымен, ауыл шаруашылығы жобаларымен танысады.

Екі апта бұрын өзбек президенті күтпеген жерден Ферғана облысындағы бір махаллаға барып, содан кейін хокимді, прокурорды, ішкі істер басқармасының басшысын және салық инспекциясының жетекшілерін қызметтен алған. Осы жағдайдан соң Ферғанаға көрші Наманган облысының билігі артта қалған махаллаларды қалпына келтіруге кіріскен.

XS
SM
MD
LG