Ссылки доступа

Қырғызстанда кеден басшысының экс-орынбасары Матраимов қайта ұсталды


Раимбек Матраимов

Қырғызстан кеден қызметі басшысының экс-орынбасары Райымбек Матраимов қылмыс жолымен табылған пайданы жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, Матраимов 48 сағатқа қамауға алынған, кейін сот қамау уақытын созу-созбауды шешеді.

"Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл қылмыстық істің қалай жүріп жатқанын қоғамға хабарлап отыраады" деді арнайы қызмет.

Бұған дейін мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Айеркин Саймаитидің (2019 жылы 10 қарашада Стамбулда кісі қолынан өлген) Қырғызстаннан әр түрлі банктер арқылы 700 млн долларды шығарғанына қатысты тергеу бастаған.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің зерттеуінде ақша жымқырудың артында Райымбек Матраимов тұрғаны айтылған.

2020 жылы қазанда Матраимов кедендегі жемқорлық ісі бойынша ұсталған. Кейін Матраимов бюджетке келтірген шығынды қайтаруға дайын екенін айтқан соң сот оны қолхатпен босатқан.

11 ақпанда Бішкектегі сот Матраимовты айыпты деп тауып, оған 3 мың доллар айыппұл берген. Оның мүліктері мен есепшорттары бұғаттан босатылған. Бұл шешім Қырғызстанда қарсылық туғызып, наразылық шараларына түрткі болды.

49 жастағы Райымбек Матраимов 1997-2017 жылдары Қырғызстан кеден қызметінде жұмыс істеген.

Оның есімі есімі Азаттықтың Қырғыз қызметі, "Клооп" және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) жүргізген журналистік зерттеулер топтамасында аталған.

9 желтоқсанда АҚШ Райымбек Матраимовқа Магнитский актісі негізінде санкция салған. Оның әйелі Уулкан Тургуновқа да шектеу қойылған. Бұдан кейін олардың фамилияларын өзгерткені белгілі болды: Райымбек Матраимов фамилиясын – Исмаиловқа, әйелі Уулкан Тургунова – Сулаймановаға өзгерткен.

XS
SM
MD
LG