Ссылки доступа

"Путин сарайының" маңынан патриарх Кириллдың "сарайшығы" табылды


"Открытые медиа" басылымы "Путин ривьерасы бойынша жолнұсқа " деп аталатын зерттеуін жариялады. Онда Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Геленжик қаласы маңындағы "Путин сарайы" деп аталатын нысанмен көрші орналасқан жылжымайтын мүліктер мен жер телімдері жайлы айтылады.

Росреестр мәліметтері мен жергілікті тұрғындардың әңгімесіне сүйеніп жасалған зерттеуде Идокопас мүйісіндегі "сарайға" (Алексей Навальныйдың зерттеуі жарияланғаннан кейін Аркадий Ротенберг "сарайдың иесімін" деп мәлімдеген) жақын жерде "сән-салтанаты одан кем түспейтін, күзеті мықты, сарайға жетеғабыл усадьбалар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен, олар президентке жақын жүрген адамдардың иелігінде" деп айтылады.

"Открытые медиа" зерттеуінде аты-жөні аталғандардың арасында Геннадий Тимченко, Олег Дерипаска, Юрий Ковальчук пен Орыс православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл бар.

"Путин сарайына" (Роттенберг онда қонақүй ашылады деп айтқан) басылым тілшілерін кіргізбеген. "Открытые медиа" анықтағандай, Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінен (ФСБ) "Комплекс" компаниясы ("сарайға" қатысы бар дүние-мүлік түгелдей соның атына жазылған) жалға алынған жердің 119 гектары аңшы базасын орналастыруға бөлінген. Навальныйдың фильмінде ол жайлы ештеңе айтылмаған.

XS
SM
MD
LG