Ссылки доступа

Өзбекстанда екі айдан бері айлық алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты


16 ақпанда Ташкент облысы Уртачирчик ауданындағы кластер болып қайта құрылған бұрынғы "Карасув Пахта Тозалаш" зауытының 200-ден астам жұмысшысы айлық ақыларының уақытында төленбегеніне наразылық ретінде ереуілге шықты.

"Қарашаның айлығын желтоқсанда екіге бөліп төлеп берді. Содан бері айлық алмадық. Біз наразылық білдіргеннен кейін басшылық 5 ақпанда, кейін 15 ақпанда беріледі деп уәде етті. Бірақ айлық түспегеннен кейін 16 ақпанда ереуілге шықтық", - дейді жұмысшылардың бірі.

Ол зауытта істеген 240 жұмысшының бәрі ісін тоқтатты деді.

"Карасув Пахта Тозалаш" зауытына иелік ететін "Real Tex Tashkent" компаниясының қызметкерлері айлықтарды төлеуге ақша жоқ болғандықтан, банктен несие алуға әрекет етіп жатқанын жеткізді. Олардың сөзінше, әзірге несие қашан берілетіні белгісіз.

Өзбекстанда 2019 жылы наурызда 50-ден астам мақта тазалау зауыты кластер болып қайта құрылған. Онда билік бұл шешімін "реформаларды күшейту, мақтаны қайта өндіру және тоқыма саласын дамыту" үшін жасалынып жатыр деп түсіндірген.

Өзбекстанның қолданыстағы заңында рұқсат етілмеген ереуілге тыйым салынған. Бірақ заңды ереуілдің қандай болатыны көрсетілмеген. Қылмыстық кодекстің 218-бабында "тыйым салынған ереуілге шыққаны үшін 50-ден 100 төменгі айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе бес жылға дейін еркінен айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG