Ссылки доступа

Тәжікстанда 90 келі алтын және 15 млн долларды заңсыз өткізбек болды деген айыппен үш кеденші ұсталды


Тәжікстанда 90 келі алтын және 15 миллион доллар контрабандасы бойынша үш кеден қызметкері ұсталды. Бұл туралы елдің Кеден қызметінің өкілі Рахмонали Рахимзода 18 ақпанда мәлімдеді.

Оның сөзінше, оқиға былтыр қараша айында Душанбе халықаралық әуежайында болған. Баж қызметкерлері алтын мен ірі көлемдегі ақшаны Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы Дубайға жөнелтуге әрекет еткен.

"Төменгі Пяндж" бақылау өткізу бекетінде істеген үш кеденшіні "салғырттық" бойынша және "құжаттарды жіті тексермеді" деп айыптап жатыр.

Бұл іс бойынша жалпы жеті адам айыпталып жатыр. Олардың бәрі қамауда отыр. Істі бас прокуратура тергеп жатыр.

Әзірге айыпталушылардың аты-жөні аталмай отыр. Бірқатар басылымдарда іске Шугноаск алтын кенінінің бұрынғы басшысының екі ұлының қатысы бары айтылып жатыр.

XS
SM
MD
LG