Ссылки доступа

Өзбекстан вице-премьері Ганиев санитария-эпидемиология қызметкерлеріне тезек тергізіп қойды


Собранный сотрудниками СЭС коровий навоз вывозят на поля.

Өзбекстанның санитария-эпидемиология және қоғам денсаулығы қызметінің мамандары премьер-министрдің орынбасары Шухрат Ганиев оларға сиыр тезегін теруге мәжбүрлегенін айтты.

"Жиналыста Ташкент облысы әкімінің орынбасары Узаков Санитария-эпидемиология қызметінің мамандарына үй аралап, тезек жинауды тапсырды. Өзбекстанда коронавирус пандемиясы басылмай тұрғанда, тезек жинау міндетін бізге жүктегені дұрыс па?" - делінген Санитария-эпидемиология және қоғам денсаулығы қызметінің Ташкент облысы бөліміндегі қызметкерлер жазған хатта.

Олар облыс әкімшілігінде бір апта бұрын өткен жиналыста жазып алынған аудиотаспаны жолдады.

"Қызмет мамандары үй аралап, ондаға қоқысты көшеге шығаруы тиіс. Оны шаруалар алып кетеді. Шаруалар үйге кіре алмайды, көшедегі қоқысты ғана алады. Негізі ол қоқыс емес, сиыр тезегі. СЭҚ соған жауапты", - деген жиналыста сөйлеген шенеунік.

СЭҚ мамандарының айтуынша, бұны Ташкент облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Узаков айтқан.

Ташкент облысындағы СЭҚ мамандары бір апта бойы тезек жинаумен болды.

– Әрбір ауданда 4-5 маман сиыр жапасын жинаумен айналысты. Біз оны үйден көшеге шығарамыз. Тұрғындардың бәрі тезекті бергісі келмейді. Қазір Өзбекстанда тезек алтынмен тең. Адамдар оны ауладағы егіске пайдаланады. Жалынуға тура келеді, – дейді тезек жинап жүрген бір қызметкер.

Олар күн сайын жиналған тезек туралы әкімшілікке есеп беруі тиіс.

– Шухрат Ганиев бізге тезек жинауға бір апта уақыт берді. Әр аудан күніне 400-500 тонна тезек жинайды. Әр ауданда штаб құрылған. Біз күнде жиналған тезекті суретке түсіріп, фотоесеп жолдаймыз, – дейді СЭҚ қызметкері.

Санитария-эпидемиология және қоғам денсаулығы қызметі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхаммаджон Бозоров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Дегенмен СЭҚ-дегі дереккөз Ташкент облысы ғана емес, республиканың басқа да өңірлеріндегі қызметкерлерді тезек жинауға шығарғанын айтты. Тағы бір дереккөз мәліметі бойынша, сиыр тезегін жинауды премьер-министрдің орынбасары Шухрат Ганиев тапсырған.

– Республиканың барлық облысында біздің мамандар тезек жинап жүр. Шухрат Ганиев осындай тапсырма берген. Ресми құжат жоқ, ауызша тапсырма болған. Ганиев апта сайын тікұшақпен тезек жиналған орындарды тексереді, – деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG