Ссылки доступа

Өзбекстанда Шодиевке тиесілі ірі үш кәсіпорын үкіметке өтті


Узбекский металлургический комбинат в Бекабаде
Узбекский металлургический комбинат в Бекабаде

Өзбекстан үкіметі SFI Management Group компаниясымен Өзбек металлургия комбинатын, "Узвторцветмед" және Алмалык тау-металлургия комбинатын басқару жөніндегі келісімді бұзды. Бұл туралы SFI Management Group баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми Ташкент Өзбек металлургия комбинатын 2017 жылы, Алмалык тау-металлургия комбинаты мен "Узвторцветмед" зауытын 2018 жылы SFI Management Group компаниясына басқаруға берген. Бұл компанияны миллиардер Фаттох Шодиевтің бауыры Кабул Шодиев.

Хабарларға қарағанда, SFI Management Group бұл кәсіпорындарды дағдарыстан шығару қызметін атқарған. Кәсіпорындардағы өндірісті жетілдіріп, жаңа жұмыс орындарын ашқан.

Былтыр қыркүйекте Кабул Шодиев тағы үш кәсіпорын - Өзбеккөмір, Ангрен және Жаңа Ангрен ЖЭЦ-тері SFI Management Group басқаруына өткенін айтқан.

Бірақ бұл компаниялар "Central Asia Energy" басқаруына берілген деп забарланған. Ол 2019 жылы тіркелген.

XS
SM
MD
LG