Ссылки доступа

ІІМ: Тәжікстанда милиция қызметкерлеріне қарсы террористік шабуылдың жолы кесілді


Рамазон Рахимзода, глава МВД Таджикистана

Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шахринав ауданында террористік шабуылдың жолын кесті. Ішкі істер минстрлігі Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода журналистерге осылай деп мәлімдеді.

"Ислам мемлекеті" тобының мүшесі болуы мүмкін күдікті Шахринав ауданының милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған. Ол ұсталды, қазір қамауда отыр", - деді министрлік басқармасының басшысы. Іске қатысты басқа мәлімет жоқ. Билік ақпаратын тәуелсіз арналар көмегімен тексеру әзірге мүмкін болмай отыр.

Тәжікстанда бұның алдында бірнеше ірі террористік шабуыл болған. Душанбе-Данғара тас жолында шетел туристеріне жасалған шабуылдан бірнеше адам қаза тапқан. 2019 жылы билік тәжік-өздек шекарасындағы "Ишкобод" бекінісіне ИМ содырлары шабуылдады деп хабарлады. Худжанд және Вахдат колонияларында бүлік болып, соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, былтыр 271 адам террористік және экстремистік ұйымдар қызметіне қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Олардың дені "Ихвон-ул-муслимин" (147 адам), "Ислам мемлекеті" (39), "Группа-24" қозғалысы (8) және Тәжікстан ислам өркендеу партиясы (17) мүшелері деп хабарланды. Бұл туралы ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода 19 ақпанда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, Тәжікстан үкіметі терроризммен күресті сылтауратын саяси бәсекелестерін қудалап отыр.

XS
SM
MD
LG