Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Пәкістан медициналық комиссиясының президенті Аршад Такимен кездесіп, соның нәтижесінде комиссия қырғыз білім мекемелерін тізімге енгізген.
Енді Қырғызстандағы медициналық оқу орындарын бітірген пәкістандықтар Медициналық комиссия емтиханына ешқандай кедергісіз қатыса алады. Жақында ашылған медициналық оқу орындары жеке тізімге енгізіледі.
Бұның алдында Пәкістан Қырғызстандағы медициналық оқу орындарының бәрін қара тізімге қосқан. Өйткені осы оқу орындарында білім алған пәкістандық түлектердің 90 пайызы Медициналық комиссиясының міндетті емтиханынан құлаған.