Ссылки доступа

Қырғызстан арнайы қызметі Тәжікстанда ұсталған азаматтары жайында айтты 


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) 22 ақпанда тәжік күштері қырғыз азаматтары кепілдікке ұстап отыр деген ақпарат жалған деп мәлімдеді.   

ҰҚМК мәліметінше, 16 ақпанда бес қырғыз азаматы тәжік аумағынан 900 келі металл, 2 ірі қарамал және 3 ұсақ мал алып кетпек болған жерінен ұсталған. Бұл оқиғаға қатысты тәжік тарапы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір оларды Қырғызстанға қайтару мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр.

22 ақпанда Баткен облысы әкімдігінің ғимараты алдында ұсталған қырғыз азаматтарының туыстары митинг өткізген. Олардың сөзінше, жыл басынан бері тәжік тарапы әртүрлі себептермен 20 қырғыз азаматын ұстаған.

Жалпы шекарадан заңсыз өткені үшін 250-300 мың сом көлемінде айыппұл салынады. Былтыр қырғыз тарапы Тәжікстанға 7 млн сом айыппұл төлеген екен.

Қырғыз-тәжік шекарасының қашықтығы 976 шақырымды құрайды. Оның 519 шақырымы ғана ресми белгіленген, қалған жері әлі дау туғызып келеді.

XS
SM
MD
LG