Ссылки доступа

Кремль Израиль азаматын босатқаны үшін Сирияға вакцина берді деген ақпаратқа пікір білдірмеді


Ресей әрі қарай да Сирияға көмектесе береді. Осылай деп Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирияда ұсталған Израиль азаматын босату үшін Дамаскіге коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын жеткізіп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Бұл ақпарат The New York Times басылымында жарық көрген. Басылым жазуынша, израиль азаматы Сириямен шекарадан кездейсоқ өтіп кеткен. Сирия егер Израиль Дамаскіге "Спутник V" вакцинасын сатып алып берсе, босатамыз деген.

Осының алдында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Ресей президенті Владимир Путинмен 8 және 13 ақпанда екі рет сөйлесіп, көмек сұрағаны айтылған. Осыдан кейін ұсталған қызды Мәскеуге жөнелткен. Ол 19 ақпанда Мәскеуден Тель-Авивке ұшып кеткен.

Израиль ұсталған екі сириялық шопанды босатқан.

БАҚ жазуынша, тұтқын алмасу бұл тек формальды ғана болған. Шын мәнінде Дамаск Израильге вакцина жеткізіп беру жөнінде талап қойған.

XS
SM
MD
LG