Ссылки доступа

Өзбекстанда коронавирусқа қарағанда көлік апатынан үш есе көп адам қайтыс болған


Былтыр жол-көлік апатынан 1962 адам қайтыс болды деп хабарлайды Өзбекстан ІІМ жол қауіпсіздігі басқармасы.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы елде 7000 жол апаты болған. 1689 оқиға қайғылы жағдаймен аяқталып, 1962 адам қайтыс болған.

2019 жылы 8092 жол-көлік оқиғасы болып, 2094 адам қайтыс болған. Яғни 2020 жылы жол-көлік оқиғасы 13,7 процентке төмендеген.

Ал коронавирустан 621 адам қайтыс болған. 20 ақпандағы көрсеткіш бойынша вирус жалпы 79 654 адамнан анықталған.

XS
SM
MD
LG