Ссылки доступа

Ресей Тәжікстандағы кедей отбасыларға 1 млн доллардың көмегін берді


В одной из школ Таджикистана, архивное фото  
В одной из школ Таджикистана, архивное фото  

Ресей билігі Тәжікстандағы кедей отбасыларға бір миллион доллардың көмегін жіберді. Гуманитарлық көмек БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аясында берілді.

Ресейдің Душанбедегі елшілігінің хабарлауынша, гуманитарлық көмектің көп бөлігі Тәжікстанның оңтүстік аймақтарына жолданды. Көмек 22 кедей отбасына беріледі.

Былтыр Ресей Тәжікстандағы оқушыларды тамақтандыру жүйесін дамытуға 21 миллион 200 мың доллар бөлетіні хабарланған. Бұған қоса, Владимир Путин бастауыш мектепте оқитын барлық ресейлік оқушыға ыстық тамақты тегін таратуға уәде берген. Бұл жоба 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG