Ссылки доступа

Өзбекстанның бас прокуратурасы онкология клиникасы басшылығына қылмыстық іс қозғады


В Генпрокуратуре заявили, что уголовное дело возбуждено 2 февраля.
В Генпрокуратуре заявили, что уголовное дело возбуждено 2 февраля.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Республикалық онкология және радиология ғылыми-тәжірибелік орталықтың Ташкент филиалының қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Оларға қызмет бабын асыра пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Бас прокуратура тергеуді бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде клиника дәрігерлерінің видеоүндеуі тараған.

Клиника қызметкерлері кейбір науқастар қаражат жоқтығы салдарынан медициналық көмек ала алмай жатқанын айтты. Бұған қоса, қымбат әрі сирек дәрілер науқастарға берілмеген. Олардың орнына орталық дәріханасында дайындалған дәрілер таратылған.

XS
SM
MD
LG