Ссылки доступа

Ресейде ғарыш айлағын басқарған әйел Uzbekistan Airports компаниясының тізгінін ұстады


Рано Жураева Uzbekistan Airports компаниясының басқарма басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы өзбек үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Жаңа басшыны 22 ақпанда елдің премьер-министрі Абдулла Ариповтың өзі таныстырған.

Мәскеу авиациялық институттың түлегі Рано Жураева техникалық ғылымдардың кандидаты. Гарвард бизнес-мектебінде білім алған.

Рано Жураева қазіргі қызметіне келгенге дейін Роскосмостың ғарыш инфрақұрылым нысандарын эксплуатациялау орталығын басқарған. Сонымен бірге "C7 ғарыш көлік жүйесі" (S7 Space) компаниясының директоры болған.

Таяуда "Узбекистон хаво йуллари" компаниясының басшысы да ауысты. Бұл қызметке 41 жастағы Ильхом Махкамов тағайындалды. Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы 22 ақпанда оны көлік министрі етіп бекітті Осылайша ол екі қызметті қатар алып жүретін болады.

XS
SM
MD
LG