Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада ұсталған азаматтарды алмастыру мәселесін талқылады


22 ақпанда Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданында Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара қызметтері, жергілікті әкімшілік, милиция мен прокуратура өкілдері кездесті.

Баткен облысының басшысы Омурбек Суваналиевтің "Азаттыкқа" хабарлауынша, тараптар шекарада ұсталған азаматтарды алмастыру мәселесін талқылаған.

Қырғызстанда Тәжікстанның 15 азаматы, ал Тәжікстанда Қырғызстанның тоғыз азаматы қамауда отыр.

"Келіссөз жүргіздік. Нәтижесін күтеміз. Тез шешілетін мәселе емес. Шекарадағы кейбір мәселелерді шешу үшін дипломатияға жүгінуге тура келеді", - деді Суваналиев.

Кездесу қырғыз тарапының ұсынысымен өткені айтылды.

22 ақпанда Баткен облысы әкімдігінің алдында митинг өтті. Оған Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматтарының туыстары қатысты. Тұрғындар биліктен туыстарын босату үшін әрекет жасауын талап етті.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Тәжікстан аумағында ұсталған қырғыз азаматтары шекара бекетінен емес, басқа жерден өткен.

XS
SM
MD
LG