Ссылки доступа

"Қырғызстан сөзі" газетінің редакциясында директор бас редакторды ұрған


"Қырғызстан сөзі" газетінің редакциясында 23 ақпанда бас редактор қызметін атқарушы Кифаят Аскерова соққыға жығылған. Мәліметті редакция журналистері растады.

Газет журналистерінің айтуынша, коммерциялық директор Уматкул Бралкеева редакцияға сағат 16.30-да келіп, Кифаят Аскерованы ұрған. Директор мен бас редактор бұған дейін де жанжалдасып жүрген дейді журналистер.

Хабарларға қарағанда, Кифаят Аскерова қазір ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр. Бралкееваның да жарақаты бар.

Бішкек қаласының ішкі істер департаменті мәліметті растады. Тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы кейін хабарланады.

Кифаят Аскерова бұған дейін газет редакторының орынбасары қызметін атқарған. Бас редактор Курманбек Мамбетов қызметтен кеткен соң, Аскерова бас редактор қызметін уақытша атқарып жүрген.

XS
SM
MD
LG