Ссылки доступа

Мальтада журналист Каруана Галицияны өлтірген адам 15 жылға сотталды


Дафне Каруана Галиция
Дафне Каруана Галиция

Мальтада 2017 жылы журналист Дафне Каруана Галицияны өлтірген адамға үкім шықты. Қылмысын мойындаған Винсент Маскат 15 жылға сотталды.

Дафне Каруана Галиция 2017 жылғы 16 қазанда қастандықтан қаза тапты. Оның автокөлігіне жарылғыш орнатылған. Жарты миллион тұрғыны бар Мальта журналиске жасалған қастандықты қатаң сынады.

Журналист автокөлігіне жарылғыш орнатқан үш адамның бірі - Маскат. Әуелі ол тағылған айыптарды мойындамаған, кейін бас прокуратурамен келісімге келген болуы керек, деп хабарлады "Евроньюс" телеарнасы.

Ағайынды Жорж және Альфред Деджорджио тағылған айыптарды мойындамады. Соған қарамастан, екі күдікті де ұсталды, деп хабарлады "Таймс оф Малта" басылымы.

Каруана Галиция үкіметтегі жоғары лауазымды шенеуніктердің жемқорлығы туралы жазған. Оның үстінен ондаған арыз түскен, екі мәрте қамалған.

Журналистің қазасын тергеу ұзаққа созылды. 2019 жылы үкімет басшысы Джозеф Маскат пен тағы бірнеше министр қызметтен кетті. Олар кісі өлтіру қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG