Ссылки доступа

Қылмыс әлемінің белсендісі Гафур Рахимовтың жиені атасы өзін ұрып-соққанын мәлімдеді


Өткен аптада өзбекстандық кәсіпкер, қылмыс әлемінде "Қара Гафур" деген атпен танымал Гафур Рахимовтың жиені, "Золотой" деген лақап атпен танымал 32 жастағы Равшан Мухиддинов атасы тарапынан сабалғанын айтып, видеоүндеу жариялады.

Мухиддиновтың жақындары атасы деп отырғаны Гафур Рахимов екенін айтты.

Ақпаратқа қарағанда, Рахимов жиені Равшан Мухиддиновқа қайрылып, бұрынғы бизнес әріптесі Ойбек Миралимовтан 45 миллион АҚШ доллар өндіріп беруін сұрап, ақшаның бір бөлігін бөлісуге уәде еткен.

Равшан Мухиддинов Гафур Рахимовпен Ойбек Миралимовтың ортасындағы қаржы мәселесін зерттеп шыққанын, Миралимов кінәсіз екенін жеткізген.

Бұл оқиғадан кейін Гафур Рахимов жиенін қарсы тарапқа өтіп кеткенін айыптап, оны сабауға бұйрық бергені айтылады.

"Элтуз" интернет басылымының дереккөзі хабарлағандай, Равшан Мухиддинов 2019 жылы қарашада Стамбұлдағы мейманханалардың бірінде соққыға жығылған. Оны қылмыс әлемінің өкілдері "Лоту Гули" деген лақап атпен танымал әзербайжандық Надир Салифов пен "Жабайы" деген атпен танымал қазақстандық Арман Жұмагелдиев қол-аяғын байлап, ұрып кеткен.

Рахимов осы мәселеден кейін 2019 жылы Халықаралық бокс федерациясының президенттігінен кетуге мәжбүр болған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін ол Гафур Рахимовқа Өзбекстанға оралуға рұқсат береді. Бірақ ол әлі күнге дейін АҚШ-тың санкция тізімінде.

XS
SM
MD
LG