Пандемия және қаржылық жағдайына байланысты еліне кете алмай қалған 26 жастағы Фаридун Зиёев 22 ақпанда әйелінің аяғы ауыр екенін, перзентханаға ақша төлейтін мүмкіндіктері жоқ екенін мәлімдеген.
Бұл хабар Адам құқықтары және азаматтық қоғам институттарын дамыту кеңесінің мүшесі Эльза Маулимшинаға да жетіп, ол тәжік отбасына тегін көмек көрсету жөнінде өтініш түсірген.
Жас жұбайлар ресми некеге тұрмағандықтан Ресей үкіметінен әлеуметтік және медициналық көмек ала алмайды.
Уфа – Ресей құрамындағы Башқұртстан республикасының астанасы. Халқының көбі мұсылмандар.