Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Өзбекстанға сапарлайды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер минстрлігі.

Мемлекет басшысының көрші елге сапарына дайындық мәселелерін 22 ақпанда Өзбекстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Фарход Арзиев пен Қырғызстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев видеоконференцияда талқылаған.

Келіссөздерде екі мемлекет арасындағы келісімдер, Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың Қырғызстанға сапары және басқа да мәселелер сөз болған.

Президент Садыр Жапаровтың Өзбекстанға қашан баратыны әзірге белгісіз. 24 ақпанда Қырғызстан президенті шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастады. Ол президент қызметіне қаңтардың аяғында кірісті.

XS
SM
MD
LG