Ссылки доступа

АҚШ БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне оралуды көздейді


Видеовыступление Энтони Блинкена
Видеовыступление Энтони Блинкена

АҚШ биыл БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлануды көздейді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Кеңестің 24 ақпанда Женевада басталған кезекті сессиясына қатысушыларға арналған бейнеүндеуінде мәлімдеді.

Блинкеннің айтуынша, Вашингтон Кеңеске 2022-2024 жылдар аралығында мүше болу туралы арыз тапсырады. "Біз БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді арызымызды қолдауға шақырамыз", - деді мемлекеттік хатшы.

АҚШ БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау кеңесінен 2018 жылы шығып кетті. Құрама Штаттардың сол кездегі президенті Дональд Трамп бұл органның Израильге қатынасын, реформаның жоқтығын сынаған. Блинкеннің айтуынша, жаңа басшылық бұрынғы үкіметтің сынымен толық келіспейді.

47 мүшеден тұратын кеңестің жылдағы сайлауы биыл қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өтуі тиіс. Кеңестің қазіргі құрамына Ұлыбритания, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттер кіреді.

XS
SM
MD
LG