Ссылки доступа

БАҚ: Райымбек Матраимов абақтыдан ауруханаға ауыстырылды


Қырғызстан кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстырылған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Райымбек Матраимовтың бауыры – Жогорку Кенеш депутаты Искендер Матраимов "Азаттыкқа" туысына қатысты мұндай мәліметті естімегенін айтты.

"Мен таңертең Ошқа ұшып келдім. Кеше адвокаттар оның қан қысымы көтерілгенін айтқан. Қазір оның телефоны жоқ. Оның жағдайы қалай, өзі қайда екенін мен білмеймін", - деді Искендер Матраимов.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Матраимовтың ауруханаға түскені туралы ақпаратқа қатысты мәлімет таратпады.

Райымбек Матраимовты 18 ақпанда қылмыспен келген табысты ақпаған деген күдікпен ұсталды. Бұрынғы шенеунік осымен екінші мәрте ұсталып отыр. Алғаш рет ұсталғанда оған айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG