Ссылки доступа

Оштағы Қырғыз-Өзбек университетіне халықаралық мәртебе берілді


Оштағы Қырғыз-Өзбек университетінің ғимараты.
Оштағы Қырғыз-Өзбек университетінің ғимараты.

Оштағы Қырғыз-Өзбек университетінің атауы өзгертілді. 24 ақпаннан бастап оқу орны Батыралы Сыдыков атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті деп аталатын болды.

Қырғызстанның білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, шешім 15 қаңтарда жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін қабылданған.

Батыралы Сыдыков Қырғызстан тәуелсіздігін алғаннан кейін парламенттің бірінші "аңыз" депутаты, мемлекеттік қайраткер болған. Ол Өзбекстанның философтар қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан және Қырғызстанның ғылымдар академиясының құрметті профессоры болған. Қырғыз инженерлік академиясының мүшесі, 3 монография және 35 ғылыми еңбектің авторы.

2010 жылғы Оштағы оқиғаға дейін оқу орны жәй ғана Қырғыз-Өзбек университеті деп, маусым оқиғасынан кейін Мемлекеттік әлеуметтік университет деп аталған. Бірнеше жылдан кейін Қырғыз-Өзбек университеті болып өзгертілген.

XS
SM
MD
LG