Ссылки доступа

Қар көшкіні Душанбе-Худжанд жолын басып қалды


Душанбе-Худжанд так жолындағы қар көшкіні. 24 ақпан, 2021 жыл.

Қар көшкініне байланысты Тәжікстанның солтүстігін басқа аймақтармен байланыстыратын жалғыз көлік жолы Душанбе-Чанак уақытша жабылып қалды.

Бұл жайында тас жолға қызмет көрсететін IRS компаниясы мәлімдеді. Компания өкілі әзірге 67 шақырым жолды қардан тазартып үлгерген.

Душанбе-Чанак тас жолы 2009 жылы IRS компаниясының қарауына берілген. Содан бері бұл жолмен жүрген көлік жүргізушілері компанияға ашқа төлейді. Азаматтық қоғамның талабына қарамастан бұл компанияның шын иесі әлі ашық айтылмады.

Душанбе мен Худжанд арасындағы жолды жөндеуге тәжік билігі 296 млн доллар бөлді. Бұл қаржының 281 млн доллары Қытай тарапынан 20 жылға 2 проценттік үстемеақымен берілген. Жолды қытай компаниясы жөндеген.

XS
SM
MD
LG