Ссылки доступа

Дулат Ағаділдің абақтыда көз жұмғанына бір жыл (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Ақын-жазушылар Тоқаевтан Атабекті босатуды сұрайды. Ал диссидент "екі қолын көтере алмайды". Қазақстанның бірқатар ақын-жазушысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа диссидент, ақын Арон Атабекті босату сұрап, ашық хат жазды. Ол Алматыдағы Шаңырақ оқиғасынан соң сотталып, 15 жылдай уақыт түрмеде отыр. Құқық қорғаушы Аронның екі қолы көтерілмей қалғанын айтады. (видео Директ)

- Дулат Ағаділдің абақтыда көз жұмғанына бір жыл. 25 ақпанда белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы уақытша қамау изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмғанына бір жыл болды. Құзырлы органдар "қылмыс құрамы жоқ" деп, оның қазасын тергеуді доғарған. Бірақ белсендінің туыстары мен жақтастары "Ағаділ жүрегі қысып қайтыс болған" деген биліктің сөзіне әлі сенбейді. (видео Директ)

- Сот "саяси тұтқын" Алмат Жұмағұловты қамаудан босатпады. Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған белсендінің бірі, 2018 жылы терроризм айыбы бойынша сотталған Алмат Жұмағұловты сот мерзімінен бұрын босатпады. Ол абақтыдағы тәртібінің жақсы екенін әрі негізсіз сотталғанын айтып, түрмеде отыру үкімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған еді. (видео Директ)

- Оппозициялық топтар 28 ақпанға бейбіт митинг белгіледі. Билік өткізгісі жоқ. Қазақстандағы оппозициялық топтар 28 ақпанда митинг, шеру өткізетінін хабарлап жатыр. Белсенділерді қудалау да басталды. Әр өңірдегі азаматтардың митинг өткізу туралы хабарламасына әкімдік келісім бермеген. (видео Директ)

- Шыңжаңда қамалған туысын іздегендер Қытай консулдығында 17 күннен бері наразылық өткізіп жүр. Бір топ адамның Шыңжаңда туыстарының жазықсыз сотталып, түрмеге қамалып жатқанын айтып, Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық білдіріп жүргеніне 17 күн болды. Елшілік ешкімнің арыз-шағымын тыңдамаған. Қазақстан үкіметі де үнсіз. (видео Директ)

- Қазақстанда ірі медициналық университет лицензиядан айрылды. (видео Настоящее время)

- Мирзиеевтің құпия сарайы: журналистер Өзбекстан басшысының резиденциясын тапты. (видео Настоящее время)

- Белсенді Қанат Жақыпов "экстремист" пе? Қазақстанда сот "экстремист" деп таныған ҚДТ мен "Көше партиясы" қозғалыстарына қатысы бар делінген белсенді Қанат Жақповтың ісі қарала бастады. Адвокат "қылмыстық іс негізсіз қозғалған" дейді. Құқық қорғаушылар есебінше, жүздеген адам осы ұйымдарға байланысты тергеліп жатыр. Еуропарламент ҚДТ мен "Көше партиясын" бейбіт оппозициялық қозғалыс деп атаған. (видео Директ)

- Нұр-Сұлтанда краншылар жалақы өсіруді талап етеді. Нұр-Сұлтанда краншылар айлықты көбейтуді талап етіп, ереуілге шығып жүр. Олар жұмыстың аса қауіпті екенін айтады және айлық оған сай емес дейді. Айтуларынша, ереуілге қатысқандардың кейбірі жұмыстан шығып қалған. (видео Директ)

- Әділет министріне наразы заңгер пикетке шықты. Алматыда Әділет департаментінің алдында құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев пикетке шықты. Шорманбаев "адвокаттық қызмет және заң көмегі" туралы заңға енгізіліп жатқан түзетулерге қарсы. Өзгеріс енген заң мәжілістен өтіп, жоғарғы палата сенатқа түсіп үлгерген. (видео Директ)

- "Ұлымды өлтірген адамды табуға көмектесуін талап етеміз" Ауғанстанда журналистерді өлтіріп кетті. (видео Директ)

- Ресей соты Навальныйды қамауда қалдырды. ЕО Мәскеуге санкция сала ма? Ресей президенті Владимир Путин мен оның маңындағыларды сынап, жемқорлық фактілерін әшкерелейтін оппозиционер Алексей Навальныйды қудалау әлі жалғасып келеді. Өткен апта соңында сот оны қамауда қалдырып қана қоймай, басқа бір айыппен үлкен көлемде айыппұл салды. Адам құқығын бұзу фактісінің жиілеуі Ресейге санкция салу жөніндегі талқыны күшейтті. (видео Директ)

- Әйелдер Ермахан Ибраимовтың сөзіне наразы. Боксшы "батыр аңғал келеді" деп ақталды. Алматы мәслихатының депутаты, бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың үй өртеніп, сәбилер қаза тапқан оқиғаларға ата-аналарды айыптай сөйлеген сұхбаты көп балалы әйелдердің намысына тиген. 22 ақпанда бір топ әйел депутатпен бетпе-бет сөйлесуді талап етіп Алматы әкімдігіне барды. Ал Ибраимов "батыр аңғал келеді" деп ақталды. (видео Директ)

- "Әр балаға 42500 теңге берсін". Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер тағы наразылық білдірді. 22 ақпанда Нұр-Сұлтанда ондаған әйел "Нұр Отан" партиясының бас кеңсесіне жиналып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы мәселесін тағы көтерді. Олар әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді талап етті. Айтуларынша, қазір мемлекет 10 мың теңге береді және ол ештеңеге жетпейді. (видео Директ)

- Шымкенттік белсенділер әкімдік рұқсат бермесе де митинг өткізбек. 22 ақпанда бір топ белсенді Шымкент қаласы әкімдігіне барып, әкім атына жазылған хат табыстады. Олар ай соңында әлеуметтік-саяси талаптар айтып, алаңға шықпақ. Жиналғандар жергілікті биліктің митинг өткізуге рұқсат етеріне күмәнмен қарайды. (видео Директ)

- «Израиль – вакцина егуден алда келе жатқан ел». (видео)

- "Экстремистер емес". Қазақстанда саяси тұтқындарды қолдауға арналған комитет құрылады. (видео)

- Азаттық радиосы кеңсесіне жасалған шабуылға 40 жыл. (фотокөрме)

- Жанболат Ағаділдің қазасына байланысты сот басталды. Істе 6 айыпталушы, 6 жәбірленуші бар. (видео Директ)

- "Саяси тұтқындарды қамау - саяси шешім". Қазақстандағы адам құқығына қатысты қарар қабылдаған Еуропарламент есебінше, елде 26 саяси тұтқын бар. Оның бірі Макс Боқаев бостандыққа шыққан. Қалған 25 адам әлі қамауда. (видео Директ)

- Беларусьте митингіден хабар таратқан екі журналист түрмеге кесілді. Митинг орнынан тікелей эфир таратып, жағдайдағы баяндағаны үшін Беларусьтегі екі журналист сотталды. Сот үкімі шыға сала АҚШ адам құқығын бұзғаны үшін виза берілмейтін шенеуніктер тізімін толықтырды. (видео Директ)

- Азия: Тәжікстанда былтыр экстремистік ұйымдардың 270 мүшесі ұсталған.(видео)

- "Алдыңғы қатарда". Озоди радиосының деректі фильмі. 65 жастағы Шарифамох Әлиева жедел жәрдем көлігін жүргізеді. (видео Директ)

- Қазақстанда ондаған мың азамат қаржы пирамидаларынан зардап шекті. (видео Настоящее время)


- Қырғызстан азаматы фейсбуктегі пікірі үшін бес жылға сотталды. (видео Настоящее время)​

- Француз қызы Душанбеде балет билейді. (видео Настоящее время)​

- Қазақстаннан жоғары білімділер кетіп жатыр. Неге? (видео)

- Австралия билігі мен Facebook неге тартысып қалды? (видео)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG