Бұның алдында Бішкектің Октябрь ауданының соты телеарнаға эфирге шығуға рұқсат берген. Әскери прокуратура аудандық соттың шешіміне шағым түсірген.
Былтырғы қарашада "Цифрлы технология" телетаралым операторы "Апрель" телеарнасының хабар таратуын қолдаған. Әскери прокуратура сол кезде сотқа шағымданған.
2019 жылғы тамызда ішкі істер министрлігі "Апрель" телеарнасының мүлкін бұғаттаған. Содан кейін телеарнаның эфирге шығуына тыйым салған. Редакция министрліктің бұл әрекетін сөз бостандығына қысым жасау деп бағалады.