Бұл жол Тәжікстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғастырып жатыр. 25 ақпанда қар көшкіндеріне байланысты күре жол сегіз сағатқа жуық жабық тұрды. Жүздеген автокөлік жолда тұрып қалды. Жүргізушілер осы жолда қызмет көрсететін IRS компаниясынан көмек болмағанын айтып отыр.
"Компания жолда тұрып қалған жолушыларға жағдай жасауы керек. Бірақ "Варзоб" плазасында асхана, кафе жоқ. Жүргізушілер бірнеше сағат бойы ыстық тамақ ішпеді", - деп шағымданды қырғыз автожүргізуші Тинчбек Аданов.
Душанбе-Чанак автожолына бақылау 2009 жылы IRS компаниясына өткен. Содан бері фирма жүргізушілерден жол қызметі үшін ақша алады. IRS компаниясының қожайыны кім екені әлі күнге дейін белгісіз.
Азия даму банкінің мәліметі бойынша, Тәжікстан билігі Душанбе мен Худжанд қалалары арасындағы жолды жөндеуге шамамен 296 млн доллар бөлген.
Ауа райын болжаушылар Тәжікстанда апта соңына дейін суық болатынын хабарлады. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет азаматтарды таулы аймақтарға бармауға шақырды.