Ссылки доступа

Ақтөбеде полиция наразыларды күштеп ұстады. Оралда белсенділер билікке талап айтты (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Ақтөбеде полиция наразыларды күштеп ұстады. Оралда белсенділер билікке талап айтты. 28 ақпанда Орал мен Ақтөбеде жұрт билікке қарсы бейбіт түрде наразылыққа шықты. Оралда қала әкімдігі митингке рұқсат берген. Ал Ақтөбеде жергілікті билік митингіге рұқсат бермеген. Бұл қалада полиция наразыларды ұстап әкетті. (видео Директ)

- "Назарбаев, кет!" Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылық. 28 ақпанда, Қазақстанда билікке қарсы бейбіт митинг өтетін күні, полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларда күзет күшейтіп, наразылыққа шыққандарды "кеттлингке" алды, ұсталғандары да бар. Бұл митингіге жұртты оппозициялық топтар – "Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы шақырған. (видео Директ)

- Нұр-Сұлтанда билікке талап айтқандарды "тыңдауға" ақын Дәулеткерей Кәпұлы келді. Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді наразылыққа шығып, полиция қоршауында қалды. Кейбірін ұстап әкетті. Белсенділер биліктен Еуропарламен қарарындағы талаптарды орындауды сұрамақ болған. Еуропарламент ақпанда Қазақстандағы адам құқығына қатысты қабылдаған қарарында "Нұр-Сұлтан бейбіт митингіге шыққандарды қудалап, қысым жасайтынын", "саяси белсенділерді қамайтынын" сынаған. Билік қарарды "теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған" дегенімен, "теріс ұстанымдағы саясаткерлердің" атын атамаған. (видео Директ)

- "Назарбаев хан емес, қазақ халқы мал емес!" Алматы мен аймақтағы наразылық қалай өтті? 28 ақпанда Алматыда полиция бейбіт митингіге жиналған белсенділерді кеттлингке алып, кейбінін ұстап әкетті. Наразылыққа келгендер биліктен саяси себеппен қамауда отырғандары босатуды, президенттіктен кетсе де, билікке әсер етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың орнынан толық кетуін талап етті. (видео Директ)

- Бішкектегі қою түтін. Қырғызстан астананың ластану себептері. (видео Настоящее время)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG