Ссылки доступа

Өзбекстанда қамауда отырған тәжік азаматтары істің қайта қаралуын сұрайды


Заключенный в Узбекистане

Өзбекстан түрмелерінде қамауда отырған бір топ тәжік азаматы көрші екі елдің биліктерін істі қайта қарауын сұрады.

Жазасын өтеушілердің айтуынша, олар Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов билігі кезінде ұсталып, тыңшылық жасады деген айыппен ұзақ жылдарға сотталған.

50 жастағы Зафар Рахматов сегіз жыл бұрын Өзбекстанда ұсталып, шекараны заңсыз өтті, тыңшылық жасады деген айыптармен 17 жылға сотталған. Айыптаулышының айтуынша, саудамен айналысатын ол шекараны білместікпен кесіп өткен.

Өзбекстан түрмелерінде дәл осындай жағдайда ұсталып, ұзақ жылдарға сотталған тәжік азаматтары көп.

Зафар Рахматов Өзбекстанда билік ауысқан соң іс қайта қаралады деп үміттенген. Алайда бірнеше жылдан бері ешқандай өзгеріс болмаған.

Тәжікстанның Өзбекстандағы елшілігінің хабарлауынша, көрші елдің түрмелерінде отырған тәжік азаматтарының ауызша және жазбаша үндеуін елшілік алған. "Біз оларға істі қайта қарау үшін адвокат сұратуға құқығы барын айттық", - деді тәжік консулдығының өкілі.

XS
SM
MD
LG