Ссылки доступа

Қазақстанда азық-түлік 30 пайызға қымбаттаған. Парламенттегілер бұны сауда желілерінен көріп отыр (видео)


"Ценник меня очень удивил на кассе": в Казахстане с Нового года на треть подорожали продукты
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

"Ценник меня очень удивил на кассе": в Казахстане с Нового года на треть подорожали продукты

Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады. Бұл жолы шетел тауарларының ғана емес, отандық өнімдердің бағасы да көтерілді.

Ирина Васильева Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Ол - екі баланың анасы. Күнделікті азық-түлікті сатып әкелу Иринаның үйреншікті жұмысы. Осы жолы дүкенге барғанда ол бағаның әжептәуір көтерілгенін байқаған.

"Кассаның алдында тауар бағаларын қайта-қайта тексердім. Баға жаңа жылдан бері екі-үш есе өсіп кетіпті. Енді маған әдетте алатын азық-түлік тізімін қайта қарау керек болады", - дейді астана тұрғыны.

Қазақстандықтардың дені мұндай тізімде қайта қарауға мәжбүр болды. Ресми мәлімет бойынша, жыл басында ұн, жұмыртқа және өсімдік майы 35 пайызға қымбаттаған. Ет, көкөніс және макарон бағасы 20 пайызға көтерілген. Бұл өнімдердің дені Қазақстанда шығарылады.

Парламентте азық-түліктің қымбаттауын елдің азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қауіп деп атады. Қазақстан халық партиясының өкілі Айқын Қоңыров қазақстандық отбасы табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсап отырғанын айтты. Бірақ депутаттар бұған кім кінәлі екенін анықтай алар емес.


"Бұған ешкім жауап бергісі келмейді, ешкім мәселені шешу жолдарын ұсынбайды", - деп сынады депутат.

Парламенттегілер бағаның көтерілуінің себебі деп сауда желілерінің өзара келісіп алуын атады. Олар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын әдейі көтеріп отыр. Онымен күресу үшін депутаттар дүкендегі өнімдерге белгі қоюды ұсынған.

XS
SM
MD
LG