Ссылки доступа

Тәжікстанда ЛГБТ қауымдастығының ондаған өкілі көмек сұрады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

"Коронавирус пандемиясы 2020 жылы Тәжікстандағы ЛГБТ қауымдастығына қатты соққы болды. Аталған қауымдастықтың 24 өкілі гуманитарлық көмек пен тамақ сұрады".

Бұл жөнінде Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі 600 ұйымды біріктіретін ILGA-Europe есебінде айтылған. Қауымдастық БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесте кеңес беру және Еуропалық кеңесте қатысушы мәртебесіне ие.

ILGA-Europe қауымдастығының жыл сайынғы есебінде Еуропа және Орталық Азиядағы ЛГБТ өкілдерінің жағдайы жөнінде айтылады.

Тәжікстан билігі сексуалдық азшылық өкілдерінің әлеуметтік жағдайы жөнінде ешқашан зерттеу жүргізіп көрген емес.

2017 жылы Тәжікстанның ІІМ мен бас прокуратура ЛГБТ қауымдастығының 380 өкілі бар деп мәлімдеген. Мұны "Адамгершілік" деп аталатын арнайы операция кезінде анықтағанын атап өткен. Құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, оларды "ВИЧ-инфекциясын жұқтыру қауіпі жоғары" санаттағы тізімге енгізген.

Былтыр сәуір айында сексуалдық азшылық өкілдері өздерін мәжбүрлі түрде емдемек болды деп шағымданған. ILGA-Europe есебінде олардың көбі қауіпсіз жай іздеп Ресейге кетуге мәжбүр болады деп жазған.

Тәжікстан билігі болса ЛГБТ өкілдерін қудалайды деген мәлімдемені теріске шығарды. Ел заңдары барлық азаматтарды бірдей қорғайды дейді.

2020 жылы Тәжікстанда ЛГБТ өкілдерінің өмірі жайында деректі фильм түсірілді.

XS
SM
MD
LG