Ссылки доступа

Өзбекстанда бюджетте істейтіндерге металлоломға ақша тапсыруды міндеттеп жатыр


Өзбекстанда бюджеттік мекемеде істейтін азаматтар металлоломға ақша тапсыруды міндеттеп жатыр деп шағымдануда.

"Басында әрқайсымыз 85 мың сумнан (8 доллар) тапсырдық. Кейін қосымша тағы 33 мың сумнан (3 доллар) жинады. Сосын 25 мың сум (2 доллар) тапсырасыңдар деді. Біздің қызметкерлер 5-6 миллион сумнан (500-600 доллар) айлық алады. Темір-терсекке ақша берсек, отбасымызды қайтіп бағамыз? Жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын ұйым бар ма бізде?", - деп жазған "Бұхара аймақтық электр желілері" кәсіпорнының жұмысшылары Азаттықтың өзбек қызметіне жолдаған хатында.

"Өзбекстанның ұлттық электр желілері" мекемесінің өкілі аталған кәсіпорын жұмысшыларына металлолом жинауға тапсырма бергенін растап, бірақ бұл мәжбүрлі түрде емес екенін мәлімдеді.

"Өзбекмұнайгаз" компаниясы жұмысшылары да айлығынан металлоломға деп ақша ұстап қалып жатқанын айтты.

Мекеме өкілі Өзбекстанда мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері темір жинау ісіне тартылғанын растады.

XS
SM
MD
LG