Облыс әкімдішінің мәліметі бойынша, "облыс хокимінің үйі" бірнеше контейнерден құрастырылады.
Аймақ басшысы Абдураззаков президент кеткен соң махалла тұрғындарымен кездесіп, осында көшіп келуге уәде берді.
Махалла белсенділерінің айтуынша, асарға мыңға жуық адам жиналған. Олардың дені мемлекеттік мекелердің қызметкерлері.
– Олар көшені сыпырып, асфальт төсеп, гүл егетін орындар дайындап жүр. Біздің махаллада су құбыры болмаған, тұрғындар суды арықтан тасып ішетін. Табиғи газ да болмаған. Естуімше, су құбырын тартып жатыр, одан газ келеді, – дейді белсенділердің бірі.
Наманган облысы әкімдігінің хабарлауынша, болашақта контейнер үйлер аймақтағы аудан басшылары мен Наманган қаласының әкіміне де салынады.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев махаллаға күтпеген сапары кезінде облыс әкімі мен прокурорын сынаған.
Президенттің аймақтарға сапарларынан соң республиканың барлық өңірлерінде "артта қалған махаллалар" жөнделе бастады.